Categories Жайық news

Белгілі журналист «Жайық Пресс» медиахолдингі басшылығына келді

Батыс Қазақстан облысындағы «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының орынбасары лауазымына тәжірибелі журналист Тоқтар Ғабдірешұлы тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жаңа қызметі туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, бұл – ширек ғасырлық еңбегіне артылған зор сенім әрі үлкен жауапкершілік.

«Бүгіннен бастап жергілікті баспасөздің қарашаңырағы – “Жайық Пресс” ЖШС бас директорының орынбасары қызметіне кірістім. Ғұмырымыздың ширек ғасырын БАҚ саласына арнағаннан кейін мұны да бір үлкен сенім, артылған жүк деп қабылдадық. Енді білек сыбанып іске кірісеміз», – деп жазды Тоқтар Ғабдірешұлы.

Тоқтар Ғабдірешұлы – өңірлік журналистикада ұзақ жылдан бері еңбек етіп келе жатқан білікті маман. Ал «Жайық Пресс» серіктестігі – Батыс Қазақстан облысындағы бірнеше аудандық және облыстық басылымдарды біріктіретін ірі медиахолдинг.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«ӨСУ КАПИТАЛЫ: АЙМАҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Оралда БҚО әкімдігі мен прокуратурасының ұйымдастыруымен «Өсу капиталы: аймақтың жаңа мүмкіндіктері» атты инвестициялық форум өтті.…

БҚО-да ардагерлерге 5 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетілді  

Батыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Биыл…

ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ІРІ КЕМЕ КАСПИЙГЕ АТТАНДЫ

Оралда Отан қорғаушы күніне орай еліміздегі ең ірі кеме суға түсірілді. Салтанатты рәсімге облыс әкімі…