Украинадағы соғысты «жеңіл шешіледі» деп ойлаған Трамп Путинге ренжіді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлыбританияға сапары кезінде Ресей басшысы Владимир Путинге көңілі қалғанын мәлімдеді. Ол бастапқыда Украинадағы соғысты «ең жеңіл реттелетін қақтығыс» деп ойлағанын, бірақ келіссөздер айлап жүргізілгенімен, еш нәтиже бермегенін айтты.

«Адамдар қырылып жатыр. Мен мұны тоқтатуға міндеттімін. Біз жеті соғысты тоқтаттық, олар шешілмейтіндей көрінген еді. Ал ең оңайы деп ойлағаным – Путинмен қарым-қатынас болатын. Бірақ ол мені қатты ренжітті», – деді Трамп.

АҚШ президенті сонымен қатар Батыс одақтастарын Ресей мұнайын сатып алмауға шақырып, Путинді келіссөзге мәжбүрлеу қажеттігін атап өтті. Дегенмен, әзірге Вашингтон Мәскеуге қарсы қосымша жеке санкциялар енгізген жоқ.

Ұқсас жазбалар

Мерекеде пойыздарға қосымша вагон қосылады: 6-11 мамыр аралығында қатынайды

Мамыр мерекелерінде жолаушылар саны артады. Ұлттық тасымалдаушы 6-11 мамыр аралығында пойыздарға қосымша вагондар тіркейді.

Тоқаев: Жасанды интеллект өнеркәсіпті түбегейлі өзгертеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні өнеркәсіпке енгізуді жеделдету қажеттігін айтты.

Тоқаев «Алтын виза» иегерлеріне жаңа жеңілдіктер беруді ұсынды

Президент «Алтын виза» иегерлеріне жаңа жеңілдіктер беруді ұсынды. Бұл шетелдік мамандар мен инвесторларды тартуға бағытталған.