Categories Жайық news

Такер Карлсон Израильдің құпия жоспарын әшкереледі: Моссад Парсы шығанағында теракт ұйымдастырмақ болған

Белгілі америкалық журналист Такер Карлсон Израильдің «Моссад» барлау қызметі Катар мен Сауд Арабиясында лаңкестік әрекеттер ұйымдастыруды жоспарлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, жақында Катар мен Сауд Арабиясының билігі өз аумағында жарылыс жасамақ болған израильдік агенттерді ұстаған.

«Иранның өзінен шабуыл көріп отырған Парсы шығанағындағы екі елде израильдіктерге жарылыс жасаудың не қажеті бар? Олар бір жақта емес пе? Жоқ. Жоқ. Жоқ», – деді Карлсон Израильдің ниетіне күмән келтіріп.

Журналист Израиль тек Иранды ғана емес, сонымен қатар Парсы шығанағындағы одақтас саналатын Катар, БАӘ, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Оман және Кувейтті де әлсірету арқылы өз мүддесін көздеп отыр деп санайды.

Сонымен қатар Такер Карлсон қаза тапқан америкалық әскерилер туралы ресми деректерге де күмәнмен қарайтынын жеткізді. Ол соғыс аймағында хабарланғаннан әлдеқайда көп америкалық сарбаздың мерт болғанын алға тартты.

Карлсон бұл соғыс АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі үшін емес, тек Израильдің қалауымен жүріп жатқанын атап өтті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы…

БҚО-да Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толуына орай «Ұмытылмас ерлік» еске алу шарасы өтті  

1986 жылғы 26 сәуірде орын алған Чернобыль апаты әлем жұртшылығы үшін ауыр сабақ болды. Қауіпті…

Трактормен полициядан қашқан жүргізуші ұсталды: не болды?

Батыс Қазақстан облысында трактор жүргізушісі полиция тоқтатқанда бағынбай, қашуға тырысқан. Ол ұсталып, қамауға алынды.