Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды ZhaiyqMedia ақпарат порталы.

«Баршаңызбен Астана халықаралық форумында жүздескеніме қуаныштымын! Бүгінгі басқосуға шетел үкіметтерінің басшылары, дипломатия, бизнес және академиялық ортадағы достарымыз бен әріптестеріміз қатысып отыр. Мәртебелі меймандарымызға, атап айтқанда, Руанда Президенті Поль Кагамеге және Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковаға, Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсеге, БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунға, Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің жетекшілеріне, форумның өзге де қатысушыларына шынайы ризашылығымды білдіремін», — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жиын әлемде белгісіздік белең алған кезеңде өтіп отырғанын жеткізді.

«Форум аясында жаһандық экономика, өңірлік ынтымақтастық және халықаралық күн тәртібіндегі басқа да мәселелер жөнінде нәтижелі пікір алмасамыз деп үміттенеміз. Бүгінгі жиын әлемде белгісіздік белең алған кезеңде өтіп отыр. Мұны жолайрық, халықаралық қатынастардағы сын сағаты деп сипаттасақ та болады. Алайда бұл тұжырымды тарихшылардың еншісіне қалдырған жөн. Қазір осы жағдайға қалай жауап беретініміз маңызды. Алдымызда таңдау тұр: қандай шешім қабылдаймыз, қандай құндылықтарды қорғаймыз?!», — деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас жазбалар

Теміртауда 190 млн теңгенің залалын келтірген топ әшкереленді

Теміртауда ірі өнеркәсіптік алаяқтық жасаған қылмыстық топ ұсталды. Олар кәсіпорынға 190 млн теңге шығын келтірген.

Астанада мереке күндері екі көше жабылады: жүргізушілерге ескерту

Астанада мереке күндері А.Байтұрсынов пен Қ.Аманжолов көшелерінің қиылысы жабылады. Жүргізушілерге айналма жолдарды пайдалану ұсынылады.

Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев пен Лавров Ақордада кездесті

Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапары күтілуде. Бұл туралы Ақордада өткен кездесуде Сергей Лавров мәлімдеді.