Categories Жайық news

Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституция жобасына арналған сарапшылар талқылауына қатысты

Мемлекеттік кеңесші жаңа Ата Заң жобасының маңызына тоқталды.

«Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» тақырыбындағы сарапшылар алаңын Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Қоғамдық саясат институты бірлесіп ұйымдастырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шараға Парламент депутаттары, Конституциялық комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың, академиялық және сарапшылар қауымдастығының, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты.

Мемлекеттік кеңесші жаңа Ата Заң жобасының маңызына тоқталды.

«Жаңа Конституция – заңдық тұрғыда ең жоғары тұратын жай ғана құжат емес, бұл – белгілі бір дәрежеде қоғамдық келісім. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа жоба біздің бірегейлігімізді және бірқатар негізгі мәселелер бойынша қалыптасқан қоғамдық консенсусты әлдеқайда нақты көрсетеді. Ең бастысы, жаңа Конституция қай бағытта жүріп келе жатырмыз, болашақта қандай мемлекет құруды көздеп отырмыз деген сұрақтарға нақты жауап береді. Алғаш рет ғылым, білім және инновациялар мемлекет дамуының стратегиялық негізі ретінде бекітілмек. Қазақстан болашақта технологиялық тұрғыдан дамыған ел атануды көздейді. Осылайша, жаңа Конституция дамудың жаңа басымдықтарын айқындап, ел өркендеуінің жаңа векторын белгілейді», – деді Ерлан Қарин.

Үш панельдік сессия барысында сарапшылар ашық форматта жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін, институционалдық, құқықтық және саяси жаңашылдықтарды талқылады.

Жалпы, аталған алаңның жұмысы жаңа Ата Заң жобасын талқылауға сарапшылар қауымдастығының кеңінен тартылғанын көрсетті.

Ұқсас жазбалар

Трактормен полициядан қашқан жүргізуші ұсталды: не болды?

Батыс Қазақстан облысында трактор жүргізушісі полиция тоқтатқанда бағынбай, қашуға тырысқан. Ол ұсталып, қамауға алынды.

ОРАЛДА КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ КОМЬЮНИТИ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Орал қаласында конфессияаралық келісімді нығайту мен діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған YNTYMAQ комьюнити орталығы пайдалануға…

QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда

Қостанай қаласында жылдың ең ірі отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі — «QOSTANAI TECH» өз жұмысын жалғастыруда. Ауқымды…