Categories Жайық news

Атырауда ТМ-2 жылу магистралінің реконструкциясы аяқталуға жақын

Атырауда ТМ-2 жылу магистралінің реконструкциясы аяқталуға жақын қалды,-деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.

Атырау қаласында ТМ-2 жылу магистралін қайта жаңарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл желі шамамен 10 мыңға жуық тұрғынды және 7 әлеуметтік нысанды жылумен қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда 3,9 шақырымдық құбырдың 3 820 метрі толық ауыстырылып, қалған бөлігінде тұйықтау жұмыстары жүргізілуде. Жауаптылардың айтуынша, бұл жұмыстар жылу беру процесіне әсер етпейді және 12 қазанға дейін толық аяқталады.

Сонымен қатар, қала басшылығы Х.Доспанова көшесіндегі 58а үйдің тұрғындарымен кездесті. 1985 жылы салынған бұл көпқабатты үй жуырда апатты деп танылған. Енді тұрғындарға үй кезегіне тұру мүмкіндігі беріледі.

Әкімдіктің мәліметінше, басқару нысанының болмауы мен тұрғындардың белсенділігінің төмендігі салдарынан үйдің жертөлесі мен ортақ мүліктері күтімсіз қалған. Мұндай жағдайдағы үйлер қалада бірнешеу бар.

Әкімдік тарапынан жылумен қамту бойынша барлық қажетті шаралар қабылданбақ. Дегенмен, үйді күтіп-ұстау мен санитарлық тәртіпті сақтау тұрғындардың да ортақ жауапкершілігі екені атап өтілді.

Ұқсас жазбалар

Суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды: каналдарды тазалау үш есеге өсті

Қазақстанда каналдарды механикалық тазалау қарқыны үш есеге өсіп, суармалы жерлерге су жеткізу жақсарды.

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: 1000 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игілікті шараға…