Қазақ қазаққа жау

Қазақтың ең ауыр дерті – сыртқы жаудан емес, ішкі алауыздықтан басталған. Тарихқа үңілсек, талай жеңіліс пен күйреудің түп-тамырында өзара бақталастық, көреалмаушылық, бірін-бірі сатушылық тұрған. «Бас-басына би болған өңкей қиқым» деген Абай сөзі ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтқан жоқ.

Қазақ қазаққа жау болған сәт – ұлт әлсіреген сәт. Бізді құртқан қару емес, қызғаныш. Туысының табысын көре алмайтын, ағайынын өсекпен сүріндіретін, бірінің жетістігіне бірі қуанбайтын қоғам – рухани тұрғыда жеңілген қоғам.

Бірі байып, бірі күйіп жатқанда, бірі мансап қуып, бірі намыс ұмытқанда – ұлттың іргесі сөгіледі. Бір-бірімізге әділетпен емес, есеппен қарау – осының дәлелі. Қазақтың жауы қазақ болса, онда сыртқы жаудың қажеті жоқ.

Бізге енді бірлік пен әділдік керек. Біріміздің қуанышымыз – бәріміздің қуанышымызға, біріміздің қателігіміз – бәріміздің сабаққа айналуы тиіс. Өзара сыйластықсыз елдің болашағы жоқ.

Қазақ қазаққа дос болған күні ғана – ұлт биіктейді. Бірлік – ұран емес, ұлттың тірі қалу шарты.

Бердалы Ораз

Ұқсас жазбалар

Президент Тоқаев Трамптың бастамасын қолдап, 18 елмен бірге Бейбітшілік кеңесіне қосылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды. Рәсімге 18…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі

Құрметті қауым! Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты. Құрылтайдың аясында пайдалы пікір…

Халық Кеңесі вместо Курултая: Как будет работать новый супер-орган?

Сегодняшнее заседание Национального курултая в Кызылорде ознаменовалось громким политическим заявлением. Касым-Жомарт Токаев анонсировал кардинальную трансформацию…