25 сәуірде Қазақстанның бірнеше ірі қаласында ауа сапасы нашарлайды. «Казгидромет» мамандары метеорологиялық жағдайдың қолайсыз болатынын ескертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ауада зиянды заттардың шоғырлануы күтіледі. Синоптиктер көлік пен өнеркәсіптен бөлінетін қалдықтардың ауа райына байланысты сейілмейтінін айтады.
Тәуекел тобына Орал, Атырау, Ақтөбе және Алматы кіреді. Бұл қалаларда тұрғындарға далада ұзақ жүруге болмайды.
«Бүгін ауадағы зиянды заттардың мөлшері шекті мөлшерден асуы мүмкін. Халыққа терезелерді жауып, далада спортпен шұғылданбауға кеңес береміз», – дейді «Казгидромет» өкілдері.
Мамандар бетперде киюді және суды көп ішуді ұсынады. Жағдай 26 сәуірде жақсарады деп күтілуде.

