Қазақстан азаматтарын Израиль мен Ираннан эвакуациялап жатыр – СІМ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үйлестірілген эвакуациялық іс-шаралар шеңберінде Израильден 66 отандасты (Мысыр аумағы арқылы), Ираннан 78 азаматты (Армения арқылы – 73, Әзербайжан – 2, Түрікменстан – 3) шығарды.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Иран және Израильдегі қазақстандық дипломаттар өз азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмекті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.

Казахстан продолжает эвакуировать своих граждан из Израиля и Ирана
Фото: ҚР СІМ

ҚР СІМ Израиль, Мысыр және Армения билігіне өз ризашылығын білдіреді, сондай-ақ қазақстандықтарды эвакуациялауға қолдау көрсетіп жүрген ирандық, әзербайжан және түрікмен әріптестеріне қайта алғыс айтады.

— Бірлескен күш-жігердің арқасында азаматтарымыз үйлеріне аман-есен оралуға мүмкіндік алуда,-делінген хабарламада.

Казахстан продолжает эвакуировать своих граждан из Израиля и Ирана
Фото: ҚР СІМ
Казахстан продолжает эвакуировать своих граждан из Израиля и Ирана
Фото: ҚР СІМ

 

 

Ұқсас жазбалар

Алматыдағы көшеге Мұхтар Шахановтың есімі берілмек

Алматы тұрғындары Абдулла Розыбакиев көшесінің атауын өзгертіп, оған Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың есімін беруді ұсынды.

Сарбаз қызмет барысында кемінде 5 кітап оқуы тиіс: Қазақстан Қарулы Күштерінде Кітап күні атап өтілуде

Қазақстан Қарулы Күштерінде жаңа талап енгізілді: мерзімді қызмет кезеңінде әрбір әскери қызметші кемінде бес кітап…

43 мың жетім бала пәтер кезегінде: сенатор не деді?

Қазақстанда 43 мыңнан астам жетім бала баспана кезегінде тұр. Сенатор Андрей Лукин мәселенің әлі де…