Categories Жайық news

Қазақстанда халық пен бизнес көлік салығынан босатылады

2025 жылғы 18 шілдеде Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойды. Құжат ресми жарияланды, бірақ ол 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды ZhaiyqMedia.kz.

Жаңа Салық кодексіне сәйкес, келесі жылдан бастап көлік салығынан толық босатылатын қазақстандықтардың қатары кеңейеді. Олардың ішінде «Еңбек Даңқы» орденінің үш дәрежесінің иегерлері де бар. Бұл мәртебе «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына теңестіріледі.

Сонымен қатар, жеңілдікке фермерлер де ие болады — олар өздерінің пикаптары мен шаруашылықтағы арнайы техниканы салықсыз пайдалана алады.

Салықтан босатылатын негізгі санаттар:

  • ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілгендер;

  • Соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері;

  • Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері;

  • «Халық Қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарының иегерлері;

  • «Отан» орденінің кавалерлері;

  • Көп балалы аналар («Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері және «Батыр ана» атағы барлар);

  • Мүгедектігі бар адамдар (бір көлік құралы бойынша);

  • Мемлекеттік мекемелер мен мүгедектер бірлестіктері (шектеулі көлемдегі көліктер бойынша);

  • Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен фермерлік шаруашылықтар (арнайы тізімдегі техника және белгілі нормалар шеңберінде көліктер).

Егер мұндай көліктер жалға берілсе немесе сенімхат арқылы басқа адамға пайдалануға берілсе, жеңілдік қолданылмайды.

Сонымен қатар, 2026 жылдан бастап көліктің жасына қарай көлік салығына жеңілдік коэффициенті енгізіледі:

  • 10–20 жыл пайдаланылған көліктерге — 30% жеңілдік;

  • 21 жылдан асқан көліктерге — 50% жеңілдік.

Бұл жеңілдікті 4,4 миллионнан астам қазақстандық көлік иесі пайдалана алады.

Алайда, 2026 жылдан бастап құны 18 000 АЕК-тен (2025 жылы — 70,8 млн теңге) асатын автокөліктерге 10% мөлшерінде «сән-салтанат салығы» (акциз) енгізіледі. Бұл салық тек 1 жылға жетпей сатылған қымбат көліктерге салынады.

Ұқсас жазбалар

Трамп: Еуропа Гренландияны емес, Украинадағы соғысты ойлауы керек

АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропа елдерін Гренландия мәселесіне араласпай, Украинадағы соғысқа назар аударуға шақырды.

Рейске кіргізбеген: Air Astana жолаушыға 750 мың теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттелді

Қызылордалық жолаушыны рейске кіргізбеген Air Astana соттан жеңіліп, 750 мың теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттелді.

Жаңаөзендегі сұмдық оқиға: өрт сөндіру көлігі үйге соғылып, кішкентай қыз көз жұмды

Жаңаөзенде өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, тұрғын үйге аударылды. Апат салдарынан екі адам, оның…