Categories Жайық news

Орал қаласының педагогы бір уақытта 5 мектепте жұмыс істеген  

Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысының білім беру жүйесі де цифрлық басқару әдістерін қолдана отырып, оқу жоспарларын, педагогтердің жүктемесін және олардың орындалуын терең талдауға мүмкіндік алып отыр. Сонымен қатар, әр мектепте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, педагогтер мен қызметкерлердің жұмыс тәртібін бақылауға мүмкіндік беретін бейнебақылау жүйелері де іске қосылған.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау» туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл шешім еліміздің ұзақ мерзімді даму стратегиясын жаңа технологиялар негізінде жүзеге асыру, цифрлық трансформацияны жеделдету және жасанды интеллектті (ЖИ) кең көлемде енгізу мақсатында қабылданды.

Қалалық білім беру бөлімі 54 мемлекеттік мектепті мониторингтеу аясында заңбұзушылық анықталды. Мониторинг барысында кейбір мұғалімдердің бір уақытта 5 мектепте жұмыс істеп, аптасына 64 сағатқа дейін оқу жүктемесін алғаны анықталды. Оқу жүктемесінің нормаға сәйкес 16 сағаттан 4 есе артық болуы нақты жұмыс істеген сағат санына қарай есептелетін жалақыны арттыруға мүмкіндік берген.

Нәтижесінде бірнеше мектептегі сабақ кестелері бір-бірімен қатар келуі орын алған. Мектептер арасындағы қашықтық 15-25 шақырым болуы аса назар аударатын жағдай екендігін білдіріп, жағдайды күрделендіреді. Алдын ала есептеулер бойынша, бір оқу жылы ішінде шамамен 100-170 сабақтың өткізілмей қалғандығы жөніндегі қауіп бар екендігін байқап отырмыз.

 

Білім беру бөлімінде атап өткендей, мұндай деректер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормаларын, сондай-ақ «Білім туралы», «Баланың құқықтары туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» заңдарын өрескел бұзу болып табылады. Осындай жағдайларда еңбек тәртібін бұзу педагог мәртебесін түсіретін және білім беру сапасына кері әсер ететін фактор ретінде қарастырылады.

Анықталған деректер бойынша материалдар уәкілетті органдарға тиісті шаралар қабылдау және құқықтық баға беру үшін жолданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…