Categories Қоғам

Сөз бостандығы шектелген ел – демі тарылған қоғаммен тең

Сөз бостандығы шектелген ел – демі тарылған қоғаммен тең.
Ондай елде шындық сыбырлап айтылады, ал қорқыныш дауыстап сөйлейді. Әр журналист өз қаламын емес, өз тағдырын тәуекелге тігеді.

Билікке ұнамаған ой – “жалған ақпарат”, оппозициялық пікір – “тәртіпсіздікке шақыру” болып жазылады. Осылайша, сөздің қадірі қылмысқа теңестіріліп, халықтың үнін өшіру – “тұрақтылық” деп аталады.

Бірақ шынайы тұрақтылық – қорқынышта емес, ашықтықта. Еркін пікір айтыла алмаған елде әділ шешім де, сенімді билік те болмайды.
Жабық қоғамда өсетін жалғыз нәрсе – үрей мен өтірік.

Адам баласы еркін ойламайынша, ел де еркін болмайды. Ал сөз бостандығы – сол еркін ойдың ең алғашқы тынысы.
Сол тынысты тұншықтырған сайын, қоғамның жүрегі де соғуын баяулата береді.

Бердалы ОРАЗ

Ұқсас жазбалар

Әскери топограф күні: мамандар 3D-модельдеуді енгізіп, цифрлық ұрыс алаңын қалыптастыруда

30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің топографиялық қызметі мамандары кәсіби мерекесін – Әскери топограф күнін…

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды – Мұрат Абенов

Конституциялық реформа аясында Ата заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер енгізу ұсынылып отыр. Бұл…

Взаимодополняют и совершенствуют друг друга: депутат рассказал о работе Курултая и Народного Совета  

Депутат Мажилиса Парламента РК Бактыкожа Измухамбетов рассказал о различиях в работе Курултая и Народного Совета.…