Categories Жайық news

Жетімдердің жәрдемақысын иемденген: Қарағандыда қарулы топ ұсталды

Қарағандыда полиция қызметкерлері прокуратураның қолдауымен балалар мекемесінің тәрбиеленушілерінен ақша бопсалаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдіктілер жетім балаларды алдау, қорқыту және күш көрсету арқылы оларға тиесілі мемлекеттік жәрдемақыны иемденіп келген. Сонымен қатар жәбірленушілерді микроқаржы ұйымдарынан несие алуға мәжбүрлегені анықталды.

Соңғы жарты жыл ішінде келтірілген алдын ала шығын көлемі 10 миллион теңгеден асқан. Арнайы іс-шара барысында күдіктілерден оқ-дәрілер мен атыс қаруының оқжатарлары тәркіленді.

Қазіргі уақытта топтың барлық мүшесі ұсталып, соталды тергеу амалдары басталды. Олар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Фото: Polisia.kz

Ұқсас жазбалар

«Көрші елден 7 трлн теңге шығарылған»: Тоқаев ірі банктің былығын әшкереледі

Президент Тоқаев қазақстандық банктердің бірі арқылы көрші елден 7 трлн теңгеден астам қаржы шығарылғанын мәлімдеді.…

Елден миллиардтаған қаржы заңсыз шығарылып жатыр: Тоқаев қатаң шара қолдануды тапсырды

Президент Тоқаев елден миллиардтаған қаржының заңсыз шығарылуын тоқтатуды тапсырды. Ол мұны экономикалық қауіпсіздікке төнген тікелей…

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ   

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде туризмді дамыту және 2026-2030…