Categories Жайық news

Тоқаев: Неке – еркек пен әйелдің одағы, бірақ басқа көзқарас үшін қудалауға жол жоқ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев некені заңнамалық тұрғыда ер мен әйелдің одағы ретінде бекіту керегін, бірақ моральдық мәселелер бойынша мемлекеттік ұстанымға сәйкес келмейтін көзқарастары үшін азаматтарды қудалауға жол берілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы бұл пікірін Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтай отырысында білдірді. Ол қоғамда неке институтын нығайтудың маңызына тоқталды.

«Қоғамымызда неке институтын мемлекеттік мекемеде ресми түрде куәландырылған ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыдан нығайту керек. Алайда мораль мәселелері бойынша ресми мемлекеттік ұстаныммен сәйкес келмейтін сенімдері үшін қылмыстық қудалауға, моральдық кемсітушілікке мүлде жол беруге болмайды», – деді президент.

Сонымен қатар Тоқаев мемлекеттің ұстанымын «әрбір азаматтың таңдау құқығы бар, бірақ бұл таңдауды ешкім таңа алмайды» деген формуламен сипаттауға болатынын айтты. Оның сөзінше, ел барлық азаматтың құқығы мен бостандығын, абыройы мен қадір-қасиетін табанды түрде қорғайды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Жақып Асанов: Азаматтардың интернеттегі жеке деректері Конституциямен қорғалуы тиіс

Конституциялық сот төрағасы Жақып Асанов азаматтардың цифрлық кеңістіктегі жеке деректерін қорғау үшін Конституцияға нақты норма…

Шымкенттегі балабақшада шу: Тәрбиеші бүлдіршіндерді шприцпен қорқытқан

Шымкенттегі мемлекеттік балабақшалардың бірінде дау шықты. Тәрбиеші бүлдіршіндерді шприцпен қорқытып, қол көтерген. Оқиғаға байланысты тексеріс…

Мектеп пәндерін біріктіру: Оқу-ағарту министрлігі даулы реформадан бас тартты

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова алгебра, геометрия, физика, химия және биология пәндерін біріктіру туралы реформаның тоқтатылғанын…