Categories Жайық news

Оралда жылу инфрақұрылымы жаңарып, тұрғындар сапалы жылумен қамтылуда

Орал қаласында жылу жүйелерін жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Байменовтың айтуынша, өткен жылы құны 1,3 миллиард теңгені құрайтын магистралдық желіні қайта құру жобасы толық аяқталған. Соның нәтижесінде 63 көпқабатты тұрғын үй мен 12 әлеуметтік нысан үздіксіз жылу ала бастады.

Биыл бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасын тапты. Құны 9,9 миллиард теңгеге бағаланған ірі магистралдық жылу желісін реконструкциялау жобасы жүзеге асырылды. Нәтижесінде 75 көпқабатты үй мен 7 әлеуметтік нысан сапалы әрі тұрақты жылумен қамтылды.

Әкімнің мәліметінше, алдағы екі жылда тағы үш магистралдық желіні жаңарту жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 8,1 миллиард теңге бағытталады. Жоба іске асқанда, қаладағы жылу желілерінің шамамен 50 пайызы толық жаңарып, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасы едәуір жақсарады.

Бұл жұмыстардың барлығы Орал қаласының инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртып, алдағы қыс маусымында жылу тапшылығын болдырмауға бағытталған.

Ұқсас жазбалар

Алматы әуежайы 6,8 млрд теңгені акционер емес компанияға заңсыз аударған

Алматы халықаралық әуежайы акционері емес компанияға 6,8 млрд теңгені заңсыз аударған. Қаржы министрлігінің тексерісінен кейін…

Билік сабақтастығы: Президент орны босаса, вице-президент таққа отырмайды

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев конституциялық реформаның жаңа ережелерін талдады. Оның айтуынша, енді вице-президент тағайындалады.

Тоқаевқа Конституциялық реформа бойынша 2 мыңнан астам ұсыныс түскені баяндалды

Президентке Конституциялық реформа бойынша жарты жылда 2 мыңнан астам ұсыныс келіп түскені хабарланды. Комиссия Негізгі…