Categories Жайық news

Елордадағы қарулы шабуыл: Арнайы жасақ сарбазына оқ атқан күдікті қолға түсті

Астанада көлікте келе жатқан арнайы жасақ қызметкеріне белгісіз біреу аңшы мылтығынан оқ атты. Полиция департаменті қаскүнемнің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, оқиға елорда көшелерінің бірінде болған. Күдікті көлігімен өтіп бара жатқан жүргізушіге мылтықтан оқ атып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Зардап шеккен азаматтың өзі полиция шақырған. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні көп ұзамай анықтап, қамауға алды. Ол 21 жастағы Астана қаласының тұрғыны болып шықты.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыс қаруы – мылтық тәркіленді. Зардап шеккен азамат – құқық қорғау органының қызметкері, оқиға кезінде еңбек демалысында болған», – делінген Астана қаласының ПД таратқан хабарламада.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оққа ұшқан азамат «Сұңқар» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкері екені айтылады. Полиция департаменті тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпаратты жария етпейтінін хабарлады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Closeup image of a law book titled 'The Law' on a wooden desk with scales of justice.

Жаңа Конституция: «Қысқа балақ пен сирек сақал ауылға дейін жайлады»

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев конституциялық комиссияда талқыланған ұсыныстарды жариялады. Онда некені тек ер мен әйел арасында…

Judge signing documents at desk with focus on gavel, representing law and justice.

Қарашығанақ дауы: Қазақстан үкіметі шетелдік акционерлерді сотта жеңді

Қарашығанақ жобасының акционерлері халықаралық сотта жеңіліп, Қазақстанға 4 млрд долларға дейін өтемақы төлеуі мүмкін. Арбитраж…

A black Tesla parked at a charging station in an urban setting.

General Motors басшысы: Гибридтер экологияға кәдімгі көліктен көп зиян келтіреді

General Motors бас директоры Мэри Барраның айтуынша, гибридті көліктер экологияға кәдімгі машиналардан да зиянды. Себебі…