Categories Жайық news

Көлік әпереміз деп алдаған: Қостанайда 34 адамды 211 миллионға сан соқтырған алаяқтар сотталды

Қостанайда 30-дан астам ауылдасын алдап соққан екі тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Алаяқтар жәбірленушілерге 211 миллион теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Тергеу деректеріне сәйкес, сотталушылар бір жылға жуық уақыт ішінде тұрғындардан «шетелден көлік әкеліп береміз» және «шоттағы тыйымды алып тастаймыз» деген сылтаумен ақша алған. Олардың бұл сөзіне сенген 34 жәбірленуші өздерінің жинаған-тергенін беріп қана қоймай, ірі көлемде несие рәсімдеп, ақшасын алаяқтардың қолына ұстатқан.

Нәтижесінде келтірілген жалпы шығын көлемі 211 миллион теңгеден асып жығылған. Сотта екі азамат та өз кінәсін мойындамады.

Сот үкімімен біреуі 6 жыл 8 айға, екіншісі 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар екеуіне де 10 жыл бойы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды. Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары толықтай қанағаттандырылды.

Сотталғандар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Interior view of an airplane cabin with passengers seated, focusing on seats and layout.

Авиациялық әкімшілік: Иран әуе кеңістігі қазақстандық ұшақтар үшін жабылды

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Ирандағы ұшу қауіпсіздігіне төнген қатерге байланысты отандық әуе компанияларына бұл елдің әуе…

Қаңтардағы ҰБТ: 65 талапкер ереже бұзып, тест нәтижесінен айырылды

Қазақстанда қаңтардағы ҰБТ кезінде ереже бұзған 65 талапкердің тест нәтижесі жойылды. 100-ден астам түлек сынаққа…

Тоқаев Үндістанның жетістіктерін атап өтіп, премьер-министр Модиді құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Республика күніне орай Премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады.