Categories Жайық news

Ұлыбритания Ресей ескертуіне жауап берді: Әскерилеріміз өздерін қорғай алады

Ұлыбритания үкіметі Ресейдің Украина аумағына ағылшын әскері мен базалары кірсе, олар соққы жасауға заңды нысанаға айналады деген мәлімдемесіне жауап қатты.

Премьер-министрдің баспасөз хатшысы бұл әскерилердің соғысқа араласу үшін емес, Украинадағы болашақ қауіпсіздік жүйесін құруға жәрдем беру үшін жіберілетінін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, британ сарбаздары тек соғыс аяқталған соң ғана Украинаға енгізіледі және олардың басты міндеті – елдің жаңа қарулы күштерін қалыптастыру, әуе мен теңіз шекарасын қорғауға көмектесу, сондай-ақ Ресейге тосқауыл қою.

«Бұл — қауіпсіздік мақсатындағы күштер. Біз британ әскерін тек ұрыс әрекеттері тоқтағаннан кейін ғана орналастырамыз. Олар Украина армиясын құруға, аспан мен теңіз шекарасын қауіпсіз етуге және Ресейдің болашақ агрессиясын тежеуге атсалысады», — деді баспасөз хатшысы.

Ол сондай-ақ, британ сарбаздарының орналасқан кез келген жерінде өзін-өзі қорғау құқығы бар екенін ескертіп өтті.

«Біздің жауынгерлер қайда болса да, өздерін қорғауға толық құқылы», — деді ол.

Ұқсас жазбалар

Доллар 1500 теңгеге жете ме? Сүлейменов соңғы нүктені қойды

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының 1500 теңгеге дейін өсуі мүмкін екенін жоққа шығарып,…

«Жеңіспен оралыңдар»: Тоқаев Олимпиадаға аттанатын спортшыларға сенім артты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Италиядағы Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құрамаға мемлекеттік туды тапсырып, спортшыларға сәттілік…

Депутат: Әлеуметтік желі баланың жасын оның көрген контентіне қарап анықтай алады

Мәжіліс депутаты балаларды зиянды ақпараттан қорғау үшін әлеуметтік желілердегі шектеудің жаңа әдісін ұсынды. Платформалар жасты…