Categories Жайық news

АҚШ президенті Ресеймен сауда жасаған елдерге санкцияны құптады

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен экономикалық байланыс орнатқан елдерге қарсы жаңа санкциялық заң жобасына қолдау білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Сенатор Линдси Грэм әлеуметтік желіде бұл бастамаға Трамп сәрсенбі күні өткен кездесуден кейін «жасыл жарық» берді деп жазды. Заң жобасын республикашылдар мен демократтар бірнеше ай бойы бірлесіп дайындаған.

«Трамп осы құжатты қолдау арқылы арзан ресейлік мұнайды сатып алып, Путиннің соғыс машинасын қаржыландырып отырған елдерді жазалау мүмкіндігіне ие болады», – деді сенатор.

Құжат Ресеймен, соның ішінде оның энергия ресурстарын сатып алып отырған елдермен экономикалық қарым-қатынас жасаған мемлекеттерге санкция салуды көздейді. Айта кетейік, Ресей 2022 жылдан бері Украинаға соғыс ашқан.

Сенатор Грэмнің айтуынша, Қытай, Үндістан және Бразилия секілді мемлекеттер бұл санкциялардың негізгі нысаны болмақ.

«Біз енді бұл заң жобасын екі партия қолдайтын дауысқа салып, келесі аптада мақұлданар деп үміттенеміз», – деді Грэм.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Сенат пен Өкілдер палатасы бұл құжатты баяғыда дайындағанымен, Трамптың Үндістан тауарларына тариф енгізуді жөн санағанына байланысты дауыс беруге шығармай келген.

Ұқсас жазбалар

Close-up view of a computer displaying cybersecurity and data protection interfaces in green tones.

Жеке деректерді таратқандар: Енді 21 млн теңге айыппұл мен қылмыстық іс қозғалады

Қазақстанда жеке деректерді қорғау шаралары күшейтілмек. Енді құпия ақпаратты таратқандарға 21,6 млн теңгеге дейін айыппұл…

«Таза Қазақстан — бірлік пен жауапкершілік» жастар диалог алаңы

Орал қаласында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялар университетінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Таза Қазақстан —…

Енді 16-ға толмай әлеуметтік желіге тіркеле алмайды: Үкімет жаңа заң әзірледі

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерде аккаунт ашуға тыйым салатын заң жобасы әзірленді. Бұл…