Оралда 11 жастағы бала Шаған өзеніне батып кетті: қайғылы оқиға

Оралда 11 жастағы бала Шаған өзеніне батып кетті. Бұл қайғылы оқиға ересектердің қарауынсыз болған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жасөспірім өзен жағасында жалғыз жүрген кезде суға құлап кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар баланы судан алып шыққанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

«Бала ересектердің қарауынсыз болған. Біз ата-аналарды балаларын су жағасында қараусыз қалдырмауға шақырамыз», — деді ТЖД өкілі.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Терроризмге қарсы қорғау талаптарын бұзған 263 басшы жауапкершілікке тартылды

Ішкі істер министрлігі биылғы жылдың 5 айында терроризм тұрғысынан осал 2 665 нысанды тексерген. Тексерілген…