Categories Жайық news

Қазақстанда 2026 жылғы пітір садақа мөлшері бекітілді: Сомасы қанша?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2026 жылғы Рамазан айына арналған пітір садақа мөлшерін бекітті. Биыл әр адамға шаққандағы садақа сомасы 735 теңгені құрайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Салыстыру үшін айта кетсек, өткен жылы пітір садақа мөлшері 655 теңге болған еді. ҚМДБ бұл соманы бидайдың орташа нарықтық бағасына сүйеніп есептейді.

Сонымен қатар, діни басқарма 2026 жылғы маңызды діни күндердің кестесін де жариялады:

  • Қасиетті Қадір түні: 16 наурыздан 17 наурызға қараған түн;
  • Ораза айт мейрамы: 20 наурыз;
  • Құрбан айт мерекесі: 27-29 мамыр.

Пітір садақаны Kaspi, Halyk сияқты банктердің мобильді қосымшалары арқылы немесе «Қазпошта» бөлімшелерінде төлеуге болады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті: арнайы дабыл қосулы болған

Рудныйда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға кезінде арнайы дабыл шамдары қосулы болған.…

Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді

Қазақстандағы ең ірі жаңа кеме Оралда суға түсіріліп, оған Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Кеме «Зенит»…

«ӨСУ КАПИТАЛЫ: АЙМАҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Оралда БҚО әкімдігі мен прокуратурасының ұйымдастыруымен «Өсу капиталы: аймақтың жаңа мүмкіндіктері» атты инвестициялық форум өтті.…