Астанада полиция қызметкеріне оқ атқан ер адам «адам өлтіруге оқталу» күдігімен қамауға алынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Оқиға 14 қаңтарда елорданың орталық аудандарының бірінде болған. Қызметтен тыс уақытта жүрген полиция қызметкері қарулы ер адамды байқап, оны өз бетінше ұстамақ болған. Сол кезде күдікті офицердің арқасынан оқ атқан.
«Күдіктіге қатысты «адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қару тәркіленді», – делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.
Оқ жарақатын алған полиция қызметкері қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Алғашқы күндері ол жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі болды.
Фото: Әлеуметтік желіден

