Сербия президенті Александр Вучич Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Астана әуежайында мәртебелі мейманды Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов күтіп алды.
Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер өтеді. Тараптар екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттарын талқылайды.
Фото: Әлеуметтік желіден

