Categories Саясат

АҚШ бірнеше елдің шенеуніктеріне виза шектеулерін енгізді

АҚШ билігі Куба үкіметінің шетелге, оның ішінде медициналық қызметкерлерді, мәжбүрлі түрде жіберу схемасына қатысы бар деп саналған Африка, Куба және Гренада шенеуніктеріне, сондай-ақ олардың отбасыларына виза шектеулерін енгізді.

Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың мәлімдемесінде айтылған.

Мәлімдемеде көрсетілгендей, Куба билігі медициналық қызметкерлерді өзге мемлекеттерге жоғары ақыға «жалдап», түскен қаржының көп бөлігін өздерінде қалдырады.

АҚШ тарапының пікірінше, бұл схема «коррупцияланған кубалық режимді» байытып, Куба халқын қажетті медициналық көмектен айырады.

Вашингтон мұндай мәжбүрлі еңбек тәжірибесін тоқтату үшін өзге елдердің үкіметтерімен ынтымақтасуды жалғастыратынын және қажетті шараларды қабылдайтынын мәлімдеді.

Ұқсас жазбалар

Қытай СІМ Батыстың айыптауларына жауап қатты

Қытай СІМ Батыстың айыптауларына жауап қатты,-деп жазады Жайықмедиа.кз. Қытай сыртқы істер министрлігі Украинадағы соғысқа қатысты…

НАТО Бас хатшысы Путин туралы мәлімдеме жасады

НАТО Бас хатшысы Путин туралы мәлімдеме жасады,-деп хабарлайды Жайaқмедиа.кз. НАТО Бас хатшысы Ресей президенті Владимир…

Зеленский Ресейдің энергетикалық нысандарына соққы жасайтынын мәлімдеді

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей тарапынан жасалған шабуылдарға жауап ретінде қарсы әрекеттерге баратынын мәлімдеді. Оның…