Categories Жайық news

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік алауға гүл шоғын қою рәсімін облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен соғыс ардагері Константин Кочережкин бастады.

Батыс Қазақстан облысынан қан майданға 76 мың азамат аттанса, соның жартысына жуығы оралған жоқ. Жеңіс үшін күрес – батыр буынның жүріп өткен ортақ жолы. Еске алу шарасына жиналғандар ата-бабаларының ерлігін дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын көрсетті.

Айта кетейік, бүгінде облыста 6 соғыс ардагері, 1,5 мыңнан астам тыл еңбеккері тұрады. Жеңістің 81 жылдығына орай оларға және екінші дүниежүзілік соғысқа қатысы бар өзге санаттағы азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР ТАБЫСТАЛДЫ  

7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай облыстық полиция департаментіне су жаңа 81 көлік берілді.…