Қытайдағы фейерверк зауытында апат: 21 адам қаза тапты

Қытайдың Хунань провинциясындағы фейерверк зауытында болған жарылыстан 21 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қытай билігінің мәліметінше, жарылыс жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 7-лер шамасында болған. Зардап шеккендердің арасында зауыт жұмысшылары да бар. Оқиға орнына жедел жәрдем және құтқару қызметтері жіберілді.

«Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жалғасуда. Жарылыстың себебі анықталып жатыр», — деді жергілікті әкімшілік өкілі.

Қытайда фейерверк зауыттарындағы жарылыстар жиі тіркеледі. Өткен жылы да осындай бір оқиғада 10-нан астам адам қаза тапқан болатын.

Ұқсас жазбалар

Елордадағы тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде 14 адам құтқарылды

Елордадағы тоғыз қабатты тұрғын үй кешенінде болған өрт кезінде 14 адам құтқарылды, оның ішінде 5…

Астанада дизайн-код бойынша жөнделетін 21 үйдің тізімі бекітілді

Астанада дизайн-код бойынша жөнделетін 21 үйдің тізімі бекітілді. Тозу деңгейі 61 пайыздан асатын үйлер жөнделмейді.

Астанада полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарды

Астанада учаскелік полиция инспекторы Рахметолла Нұрымов 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды.