Синоптиктер 5-7 мамыр аралығында еліміздің көп бөлігінде ауа райының қолайсыз болатынын ескертті. Күн райының күрт өзгеруі салдарынан қатты жаңбыр мен тұман күтіледі.
«Алдағы үш күнде циклонның әсерінен республиканың басым аумағында жауын-шашын мол болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көру қабілеті нашарлайды», – деп хабарлайды Қазгидромет мамандары, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Температуралық фон түнде 0-5°C, күндіз 10-15°C шамасында болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді», – делінген болжамда.
Әсіресе солтүстік және орталық аймақтарда жаңбыр қатты жауады деп күтілуде. Жолдарда тайғақ болуы мүмкін, сондықтан жүргізушілерге сақ болу ұсынылады.
Ал Батыс Қазақстан облысында, соның ішінде Оралда, жаңбыр күші бәсеңдеу болады. Дегенмен тұман түсуі ықтимал.

