Иран билігі Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтату үшін АҚШ-қа 14 тармақтан тұратын бейбіт жоспар жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Алайда АҚШ президенті Дональд Трамп бұл бастамаға күмәнмен қарап отыр. Оның айтуынша, Иранның бейбітшілік туралы уәделері бұрын да орындалмаған.
«Біз бұл жоспарды мұқият зерделейміз, бірақ Иранның сөзіне сену қиын. Олар бұған дейін де келісімдерді бұзды», – деді Трамп.
14 тармақты жоспарға не кіретіні әзірше нақты белгісіз. Сарапшылар бұл ұсыныстың астарында Иранның экономикалық қысымды жеңілдету ниеті жатқанын айтады.

