Дубайда тұруға рұқсат алу ережелері жеңілдеді. Енді жылжымайтын мүлік иелеріне инвестицияның ең төменгі сомасы төмендетілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Дубайдың Жер департаменті жаңа ережелерді бекітті. Енді тұруға рұқсат алу үшін мүлік құны кемінде 750 000 дирхам (шамамен 204 000 доллар) болуы керек. Бұрын бұл сома 1 миллион дирхам еді.
Бұл өзгеріс шетелдік инвесторларға арналған. Жаңа талаптар инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталған.

