Илон Масктың SpaceX компаниясы енді тек ғарышпен шектелмей, жасанды интеллект нарығына бетбұрыс жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Компания болашақ өсімін ғарыш пен байланыстан бөлек, ЖИ саласынан көруді көздеп отыр. Бұл қадам Масктың бірнеше бағытын біріктіру стратегиясының бір бөлігі.
«SpaceX ғарыштық технологияларды ЖИ-мен үйлестіре отырып, жаңа нарықтарды игеруді жоспарлап отыр», — деді компания өкілі.
Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім SpaceX-тің табысын еселеп, ғарыштық экономикадағы орнын нығайта түспек.

