Қазгидромет мамандары 1 мамырға арналған болжамды жариялады. Синоптиктердің айтуынша, еліміздің көптеген өңірінде ауа райы күрт өзгереді: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ауа температурасы да төмендейді. Батыс Қазақстан облысында, оның ішінде Орал қаласында күндіз +15…+20 градус жылы болса, кешке қарай жаңбыр күшейіп, жел күшейеді.
Синоптиктердің болжауынша, еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында найзағай ойнап, қатты жел соғады. Оңтүстік өңірлерде де жаңбыр күтіледі, бірақ температура +25 градусқа дейін жетеді.

