Мамыр айының 1, 2 және 3-күндері Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Мұнда ет, сүт және басқа да азық-түліктерді нарықтан арзан сатып алуға болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жәрмеңке Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін бұл – сапалы әрі қолжетімді өнім алудың тамаша мүмкіндігі.
«Дәстүрлі жәрмеңкеде фермерлер өз өнімдерін тікелей сатады, сондықтан бағасы базардан әлдеқайда төмен», – деді қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі.
Сатылымда сиыр еті, қой еті, жылқы еті, сүт, қаймақ, ірімшік және маусымдық көкөністер болады. Жәрмеңке Астананың бірнеше ауданында ұйымдастырылады.

