Categories Көңіл ашар

«Айына 1 млн теңге»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға өмірлік сыйлық тағайындады

Танымал продюсер Баян Алагөзова халық әртісі Меруерт Өтекешоваға ерекше сый жасады. Ол әншіге өмір бойы ай сайын 1 миллион теңге төлеп тұратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Баян Алагөзова бұл шешімін әлеуметтік желіде жариялады. Ол Меруерт Өтекешованың өнері мен еңбегін жоғары бағалайтынын айтты.

«Меруерт – біздің ұлттық мақтанышымыз. Оның даусы мен өнері халықтың жүрегінде. Мен оған деген құрметімді осылай білдіргім келді», – деді продюсер.

Меруерт Өтекешова бұл жаңалықты естігенде қатты толқығанын жеткізді. Ол Баян Алагөзоваға алғысын білдіріп, мұндай қамқорлық күтпегенін айтты.

Ұқсас жазбалар

Instagram-дағы парақшасын жапқан Рыбакина қайта оралды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Instagram-дағы жеке парақшасын қайта қалпына келтірді.

Елена Рыбакина Лондон турнирінен кейін Instagram-ын өшірді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Instagram парақшасын жауып тастады. Жанкүйерлер алдымен оның аккаунтындағы барлық жазбалардың жоғалғанын,…

«Qaitadan» фильмі Бішкек кинофестивалінің Гран-приін жеңіп алды

Қырғызстан астанасында өткен IV Бішкек халықаралық кинофестивалінде отандық «Qaitadan» фильмі бас жүлдені иеленді.