Categories Әлем

Грузияда есірткімен ұсталған қазақстандыққа өмір бойы бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр

Грузияның Имерети өңірінде полиция аса ірі көлемде есірткі сақтап, сатуға дайындаған екі шетелдікті ұстады. Олардың бірі – Қазақстан азаматы, енді ол өмір бойына сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері күдіктілердің көлігі мен тұрғын үйін тінту кезінде 12 келі героин, 2 келі метадон және 4 келіге жуық басқа да есірткі заттарын тапты. Бұл – аса ірі көлем, сондықтан іс Грузияның қылмыстық кодексінің ауыр бабы бойынша қозғалды.

Қазіргі уақытта екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың іс-әрекетіне қатысты тергеу жалғасуда, – деді полиция өкілі.

Егер кінәсі дәлелденсе, Қазақстан азаматын өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. Грузия заңнамасы бойынша есірткі саудасына қатысты мұндай істерде ең ауыр жаза қарастырылған.

Ұқсас жазбалар

Air Canada ұшқышына жеті қылмыстық айып тағылды

Air Canada ұшқышына жеті қылмыстық айып тағылды. Ол 17 жыл бойы қажетті лицензиясыз әуе кемесінің…

Трамп Иранға «өте күшті соққы» жасайтынын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон уақыты бойынша 11 маусым кешінде Иранға қуатты соққы жасайтынын хабарлады.

Конгода Эбола вирусынан қайтыс болғандар саны 127-ге жетті

Конго Демократиялық Республикасында Эбола қызбасының 635 расталған жағдайы тіркеліп, 127 адам қайтыс болды.