Categories Әлем

Қазақстан мен Ресей мәдениет саласында қандай жобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ұлттық музейде екі елдің мәдениет саласындағы ынтымақтастығы талқыланды. Іс-шара барысында бірлескен жобалар мен жаңа бастамалар ұсынылды.

Жиынға Қазақстан мен Ресейдің мәдениет қайраткерлері, ғалымдар мен өнер өкілдері қатысты. Олар дәстүр мен заманауи шығармашылықты біріктірудің маңыздылығына тоқталды.

«Біздің ортақ мақсатымыз – мәдени дәстүрлерді сақтай отырып, жаңа тәжірибелерді енгізу. Бұл екі елдің рухани байланысын нығайтады», – деді Ресей мәдениет министрінің орынбасары.

Келесі жылы Қазақстан мен Ресей арасында бірқатар бірлескен көрмелер, театр қойылымдары және музыкалық фестивальдер өткізу жоспарланған. Сондай-ақ, мәдени мұраны цифрландыру жобасы да талқыланды.