Categories Спорт

Оралда «Алтайдан Оралға дейін» республикалық велошеруі мәреге жетті

Орал қаласында – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған республикалық «Алтайдан Оралға дейін» велошеруінің салтанатты жабылу рәсімі өтті.
 26 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласынан бастау алған шеру еліміздің 7 өңірін бойлай өтіп, 13 күндік сапардан кейін Батыс Қазақстан облысына табан тіреді.
Айтулы шараға БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, БҚО білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин қатысты.
Велошеру жетекшісі, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» спорттық іс-шараларды өткізу бөлімінің менеджері Азамат Оразов қатысушыларды құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. 🗣️
 Шара соңында қатысушылар «Достық үйінде» өткен жиында, велошерудің нәтижелері сараланып, алдағы жоспарлар мен межелі мақсаттар жайлы ой бөлісті.

Ұқсас жазбалар

АҚШ Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

АҚШ құрамасы әлем чемпионатының 1/16 финалында Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, 1/8 финалға өтті.

Қазақстандық жасөспірімдер Паттайядағы Азия біріншілігінде 20 жүлде жеңіп алды

Қазақстандық жасөспірімдер Паттайядағы Азия біріншілігінде 20 жүлде жеңіп алды, оның 4-уі алтын, 5-еуі күміс, 11-і…

Әлем чемпионатының 1/8 финалындағы 5 командалық жұп анықталды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы 5 командалық жұп анықталды. Алғашқы болып Канада мен…