БҚО әкімі тұрғындармен кездесті: Баспана, инватакси және жаңа жол мәселесі талқыланды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. Кездесуде баспанамен қамту, еңбек даулары, мүгедектігі бар жандарға арналған қызметтер мен экологиялық жобалар сөз болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Тұрғындар әкім алдында тұрғын үй кезегі, жұмысқа орналасудағы кедергілер, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін инватакси қызметінің сапасы сияқты өзекті мәселелерді көтерді. Бұдан бөлек, мәдени шараларды ұйымдастыруға қатысты ұсыныстар да айтылды.

Сондай-ақ азаматтар көппәтерлі үйлердің тозығы жеткен инженерлік желілерін жаңарту және өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған жаңа жобалар бойынша өз ойларын ортаға салды.

Кездесу барысында аймақ басшысына облыстағы жол құрылысына қатысты жаңа жоба да таныстырылды. Нариман Төреғалиев бұл бастаманың маңыздылығын атап өтіп, оны сапалы жүзеге асыру тетіктерін талқылады.

Әрбір өтінішті мұқият тыңдаған облыс басшысы қабылдауға қатысқан орынбасарлары мен салалық басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, мәселелердің заң аясында шешілетінін жеткізді. Тұрғындар көтерген барлық сұрақ пен ұсыныс әкімнің жеке бақылауына алынды.

Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Астанада LRT тоқтап қалды: жолаушылар есікті ашып жіберген

Астанадағы LRT желісі жолаушылардың есікті ашуынан тоқтап қалды. Әкімдік кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды жоспарлап отыр.

Ауа райы күрт өзгереді: дауылды ескерту жасалды

Синоптиктер жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болатынын болжап отыр. Алайда, бірнеше өңірде…

Тоқаев бірнеше мемлекет басшысымен телефон арқылы сөйлесті: не талқыланды?

Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше мемлекет басшысымен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қарым-қатынастар мен өзекті мәселелерді талқылады.