Categories Жайық news

Қорқынышты жол апаты: Қарағанды-Балқаш жолында үш адам мерт болды

Қарағанды-Балқаш тас жолында болған жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 18 наурызда «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының бойында, Ақшатау кентінен Қарағандыға қарай 40 шақырым жерде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Cobalt көлігі ұзақ бұрылыста жолдан шығып кетіп, аударылған. Әлеуметтік желіде тараған видео авторы жүргізуші рөлде ұйықтап кеткен болуы мүмкін деп болжайды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 30 жастағы жүргізуші мен оның екі жолаушысы алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, ауа райы мен жол жағдайын ескеруге және жылдамдықты асырмауға шақырды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…