«Бұрын-соңды болмаған бетбұрыс»: Тоқаев Трамптың жаңа бастамасына баға берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-та өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып, жаһандық тұрақтылықты ілгерілетудегі нақты әрекеттердің маңызын атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы тарихи жиынды ұйымдастырғаны үшін АҚШ президенті Дональд Трампқа ризашылығын білдірді. Ол бұл кездесудің жай ғана қарар қабылдайтын конференция емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік орнатуға бағытталған мақсатты шаралар алаңы екенін айтты.

– Дональд Трамп атындағы Бейбітшілік институтында өтіп жатқан кездесуіміз батыл әрі прагматикалық әрекеттер шешуші рөл атқаратын кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Президент мырза, Сіздің жаһандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілетуді көздейтін айқын мұратыңыз бен көреген қадамдарыңыз еліміздің Бейбітшілік кеңесіне қосылуына түрткі болды, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Бейбітшілік кеңесі – көпжақты күш-жігердің әлеуетін арттыратын, заман талабына сай бірегей ұйым.

– Әлемде мұндай бастама көтерілген жоқ. Расында, бұл бұрын-соңды болмаған бетбұрыс. Өйткені бірге күш-жігер жұмылдырудың арқасында «Жасампаздық арқылы бейбітшілік» атты жаңашыл тұжырымдаманы іске асыруға барлық мүмкіндік бар. Сондықтан, Президент мырза, Сіздің нақты іс-әрекет қана бейбітшілікке берік негіз қалайды деген ұстанымыңызды толық құптаймын, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Бірнеше өңірде ауа райы күрт нашарлайды: ТЖМ ескерту жасады

Қазақстанның бірнеше аймағында ауа райы күрт нашарлайды. ТЖМ тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге шақырып, ресми хабарламаларды…

Астанада LRT тоқтап қалды: жолаушылар есікті ашып жіберген

Астанадағы LRT желісі жолаушылардың есікті ашуынан тоқтап қалды. Әкімдік кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды жоспарлап отыр.

Ауа райы күрт өзгереді: дауылды ескерту жасалды

Синоптиктер жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болатынын болжап отыр. Алайда, бірнеше өңірде…