БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ІРІ БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ҚОЛДАДЫ

Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев өңірдегі іргелі кәсіпорын жетекшілерімен кездесті. Жиналғандар жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді. Облыс әкімі Ата Заңның жаңа нұсқасында жұртшылықтың ұсыныс-пікірі ескерілгенін атап өтті.

— Мемлекет басшысы бастамашы болған конституциялық реформа кейінгі жылдары дәйекті түрде жүзеге асырылған саяси өзгерістердің жалғасы. Басты құжаттың жобасын талқылау – заңгерлер мен мамандардың ғана емес, жалпы қоғамның міндеті. Өйткені, мұндағы нормалар мен қағидаттар келер ұрпақтың тағдырына тікелей әсер етеді, — деді аймақ басшысы.

Облыстық мәслихат төрағасы, «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» облыстық коалициясының төрағасы Мұрат Мұқаев өзі құрамында болған Конституциялық комиссия ауқымды жұмыс атқарғанын, басты құжаттың жобасы барлық жағынан жан-жақты сараланғанын айтты.

Облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев жаңа Конституция жобасы мемлекет пен бизнес арасындағы сенімді күшейтіп, ұзақмерзімді әріптестікке негіз болатын орта қалыптастыруға бағытталғанын айтты. Ол жергілікті бизнес қауымдастығы бұл жолы да белсенділік танытатынына сенім білдірді.

«КПО Б.В.» компаниясы бас директорының орынбасары Мұхтар Манкеев конституциялық реформа кәсіпкерлікті қолдаудың, инвестициялық климатты жақсартудың негізгі құқықтық кепілі екенін айтып, іргелі еңбек ұжымы жаңа Ата заң жобасын қолдайтынын жеткізді.

«Жайық ет» компаниясының құрылтайшысы Темірғали Ескендіров, «ПСП Серик» ЖШС бас директоры Серік Мерғалиев жаңа құжат бизнес иелеріне зор жауапкершілік жүктейтінін жеткізді. Олардың ойынша еңбекке адалдық, кәсіпке құрмет, елге жанашырлық сияқты құндылықтардың маңызы одан әрі арта түседі.

Кездесуде өңірдегі стратегиялық маңызды коммуналдық кәсіпорын жетекшілері, «Квант», «Оралагрореммаш», «Орал Зенит зауыты», «Орал трансформатор зауыты», «Жайықмұнай», «Кублей», «Пойма май комбинаты» және өзге де ірі компания басшылары болды. Жаңа Конституция әділ бәсекелестікке жол ашатынына, құқықтық тұрақтылыққа кепіл болатынына сенім білдірген бизнес өкілдері маңызды реформаны қолдайтынын жеткізді.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БАЯНДАЛДЫ

ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев пен облыс әкімі Нариман Төреғалиев Оралдағы жылу электр орталығында болды.…

БҚО-да қаланы көгалдандыруға арналған ғылыми ұсынымдар таныстырылып, оқыту семинары өтті

Орал қаласында қалалық аумақтарды көгалдандырудың заманауи тәсілдеріне арналған білім беру іс-шарасы өтті. Шараға көгалдандыру үдерістеріне…

БҚО әкімі тұрғындармен кездесті: Баспана, инватакси және жаңа жол мәселесі талқыланды

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев тұрғындармен кездесті. Қабылдауда баспана, инватакси, жол құрылысы және экология мәселелері көтерілді.