Әнші Димаш Құдайберген мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоровқа көлік сыйлайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Әлемге танымал орындаушы бұл қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында жариялады. Ол спортшыны жеңісімен құттықтай отырып, оның өзінің «Confessa, the Diva Dance» композициясына өнер көрсеткені үшін ерекше ризашылығын білдірді.
Димаш чемпионды «Астана Моторс» компаниясына келіп, «лайықты темір тұлпарды» таңдап алуға шақырды.
Михаил Шайдоров екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, алтын медаль иеленді. Бұл көрсеткіш – Қазақстан үшін жаңа ұлттық рекорд. Осылайша ол Сочи Олимпиадасында Денис Тен орнатқан үздік нәтижеден асып түсті.
Фото: Әлеуметтік желіден

