Categories Жайық news

Ауыл жастары – ел дамуының тірегі  

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Жарсуат ауылдық округінде «Ауыл жастары – ел дамуының тірегі» атты патриоттық форум өтті. Жастарға елге қызмет етудің маңыздылығы түсіндіріліп, олардың қоғамдағы рөлі айқындалды. Спикерлер қатарында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 5517 әскери бөлімінің дирижері аға лейтенант Ақниет Айтбекұлы және Бөрлі ауданының полиция бөлімі учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Кубайсов Мурат сөз сөйлеп, әскери қызметтің абыройы мен жауапкершілігін атап өтті.

Форумда ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысып жүрген жастар мен құрметті қонақтар Алғыс хаттармен марапатталды.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…