Categories Жайық news

Ауа райының қолайсыздығы: Қазақстанның төрт бірдей облысында жол жабылды

Қазақстанның төрт бірдей облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Батыс Қазақстан облысында сағат 15:00-ден бастап «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» тасжолының 393-526 шақырымы (Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көліктер үшін жабық.

Дәл осындай шектеу Ақтөбе облысында да енгізілді. Мұнда аталған жолдың 526-702 шақырымында (Батыс Қазақстан облысының шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейін) қозғалыс тоқтатылды. Бұл бағыттағы жол шамамен 9 ақпан күні сағат 00:00-де ашылады деп жоспарланған.

Сонымен қатар сағат 16:30-дан бастап Алматы және Жамбыл облыстарында да жүк көліктері үшін жол жабылды. Нақтырақ айтқанда, «Қордай асуының жаңа айналма жолы» бөлігінде қозғалыс шектелді.

Шектеу Алматы облысы бойынша 59-143 шақырым (Жаңақұрылыс ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейін) және Жамбыл облысы бойынша 143-214 шақырым (Алматы облысының шекарасынан Қордай ауылына дейін) аралығын қамтиды. Бұл учаскелердегі қозғалыс 9 ақпан күні түнгі сағат 02:00-де қайта жанданады деп күтілуде.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…