Categories Жайық news

Қазақстандықтардың қарызы 25 трлн теңгеге жетті: Несие өсіміне не себеп болды?

2025 жылдың басында қазақстандықтардың банк алдындағы жалпы қарызы 24,8 триллион теңгеге жетіп, бір жылда 19,8%-ға өскен. Дегенмен, бұл өсім қарқыны өткен жылмен салыстырғанда бәсеңдеген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жалпы қарыздың басым бөлігін, яғни 16,7 трлн теңгені тұтынушылық несиелер құрайды, оның өсімі 21%-ды көрсетті. Ал ипотекалық несие көлемі 14,6%-ға артып, 6,9 трлн теңгеге жетті.

Несие нарығындағы негізгі қозғаушы күш – автонесие болды. Бір жыл ішінде бұл бағыт 42,4%-ға өсіп, жалпы көлемі 4 трлн теңгеге жеткен.

Мамандар несие портфелінің сапасы әзірге тұрақты екенін айтады. 90 күннен астам уақыт мерзімі өткен қарыздардың үлесі 3,6%-ды (1,6 трлн теңге) құрайды. Халықтың несиелері арасындағы проблемалық қарыз көрсеткіші 4,3%-ға (1,1 трлн теңге) тең.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…