Categories Жайық news

Бюджеттен 600 мың доллар бөлінді: Даулы ойын тендердегі былықты әшкереледі

Бюджеттен 600 мың АҚШ долларына әзірленген отандық ойынның сапасы сын көтермей, қоғамда үлкен дау тудырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жобаға қомақты қаржы жұмсалғанымен, нәтижесінде шыққан өнімнің танымалдылығы өте төмен болып, техникалық сипаттамаға мүлдем сәйкес келмегені анықталды.

Бастапқыда ойын 12 сағаттық геймплей ұсынып, қазақ мәдениетіне терең бойлауға мүмкіндік береді деп уәде етілген. Алайда іс жүзінде ойын процесі қысқа сессиялардан аспай, мәдениетке қатысты сұрақтар тым үстіртін болған.

«Бөлінген қомақты қаржы қайда жұмсалды? Неліктен күрделі RPG жанрындағы ойынның орнына арзанқол көшірме жасалды? Тендер өткізу кезінде заңбұзушылықтар болды ма?» деген сауалдар туындайды.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…