Categories Жайық news

Lukoil Қазақстаннан кетіп жатыр: ресейлік компанияның активтерін кім сатып алуы мүмкін?

АҚШ санкцияларына байланысты Ресейдің «Лукойл» компаниясы шетелдегі активтерінен, оның ішінде Қазақстандағы мұнай жобаларындағы үлесінен бас тартуға мәжбүр. Компания 17 қаңтарға дейін активтерді сату туралы мәмілені аяқтауы тиіс, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Reuters агенттігінің жазуынша, активтерді сатып алуға үміткерлердің қатарында америкалық Carlyle инвестициялық компаниясы, Chevron және Quantum Capital Group бірлестігі, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінің International Holding Company холдингі бар. Олардың барлығы жалпы құны шамамен 22 млрд долларға бағаланған активтерді сатып алуға ниетті.

«Бұл пакетке Қазақстан, Ирак және Әзербайжандағы кен орындары, сондай-ақ Еуропа мен АҚШ-тағы мұнай өңдеу зауыттары мен жанармай құю станцияларының желілері кіреді», — деп жазады агенттік.

Әзірге аталған компаниялардың ешқайсысы мәмілеге қатысты түсініктеме берген жоқ. Түпкілікті шешімді АҚШ Қаржы министрлігі жанындағы Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) қабылдайды. Дәл осы ведомство активтердің басқа қолға өтуіне рұқсат беруі керек.

Reuters дереккөздерінің айтуынша, OFAC келіссөздердің жалпы мерзімін ұзартуы немесе жекелеген лицензиялар беруі мүмкін. Бұған дейін Қаржы министрлігі қазан айында Gunvor компаниясымен және желтоқсанда Xtellus Partners-пен жасалмақ болған екі мәмілені бұғаттап тастаған.

Егер 17 қаңтарға дейін мәміле мақұлданбаса, ресейлік компания активтерді өз шарттарымен сату мүмкіндігінен айырылуы ықтимал.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда ауа райы құбылады: бір өңірде жылымық, екіншісінде 35 градус аяз болады

Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде боран соқса, кей өңірлерде…

Otbasy Bank салымшыларына 157 мың теңгеге дейін сыйлықақы төленеді: мерзімі белгілі болды

Отбасы банкінің салымшылары 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықақыны келесі жылдың 1 наурызына дейін алады. Ең жоғары…

Exterior view of a Royal Bank building at night with glowing facade lights.

Ұлттық банк мәлімдемесі: Базалық мөлшерлеме 18% деңгейінде сақталды

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде өзгертпеді. Бұл шешімге елдегі инфляция, ішкі сұраныс және…