Categories Жайық news

Жетімдердің жәрдемақысын иемденген: Қарағандыда қарулы топ ұсталды

Қарағандыда полиция қызметкерлері прокуратураның қолдауымен балалар мекемесінің тәрбиеленушілерінен ақша бопсалаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдіктілер жетім балаларды алдау, қорқыту және күш көрсету арқылы оларға тиесілі мемлекеттік жәрдемақыны иемденіп келген. Сонымен қатар жәбірленушілерді микроқаржы ұйымдарынан несие алуға мәжбүрлегені анықталды.

Соңғы жарты жыл ішінде келтірілген алдын ала шығын көлемі 10 миллион теңгеден асқан. Арнайы іс-шара барысында күдіктілерден оқ-дәрілер мен атыс қаруының оқжатарлары тәркіленді.

Қазіргі уақытта топтың барлық мүшесі ұсталып, соталды тергеу амалдары басталды. Олар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Фото: Polisia.kz

Ұқсас жазбалар

Конституциялық реформа: Түпкілікті шешімді халық қабылдайды – Тоқаев

Президент Тоқаев конституциялық реформа бойынша түпкілікті шешімді халық референдумда қабылдайтынын айтты. Жаңа бір палаталы Парламент…

Шыңғырлаулық Қалима әже 102-ге келді

«Қариясы бар үйдің қазынасы бар» дейді қазақ. Сондай қазына қарияларымыздың бірі шыңғырлаулық Қалима Есенаманқызы Жұмабаева…

Дипфейкке қатысты пәтуа шықты: ҚМДБ қатаң тыйым салды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жалған ақпарат тарату мақсатында дипфейк технологиясын қолдануға қатаң тыйым салатын пәтуа…