Жәнібек ауданының Жақсыбай ауылында жаңа мәдени-спорт кешені ашылды

Сурет:БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданына қарасты Жақсыбай ауылында әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жаңа мәдени-спорт кешені пайдалануға берілді. Сәулеті мен салтанаты жарасқан нысан ауыл тұрғындарының мәдени өміріне серпін беріп, бұқаралық спортты дамытуға кең мүмкіндік жасайды.

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй қатысып, жергілікті жұртшылықты қуанышымен құттықтады. Ол өз сөзінде ауылдық аймақтардың дамуы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әрбір өңірдің дамуы – елдің дамуы. Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту – мемлекеттің басты міндеті», – деп атап өткен болатын. Осы тапсырманың аясында барлық өңірде бұқаралық спортты дамытуға, мәдени инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше мән беріліп келеді,” – деді Мирас Рүстемұлы.

150 орындық жаңа кешен ауылдағы мәдени іс-шаралардың, спорттық жаттығулардың және түрлі үйірмелердің негізгі орталығына айналмақ. Ғимарат ішінде бес бағытты қамтитын бөлмелер қарастырылған: заманауи дыбыстық-жарықтық жабдықтары бар акт залы, кең спортзал, тұрақты түрде жұмыс істейтін кітапхана, би залы және шығармашылық, дамыту үйірмелеріне арналған кабинеттер.

Инфрақұрылым толықтай жаңа жиһазбен, музыкалық аппаратурамен, спорттық құралдармен жарақталған. Кешеннің сыртында тұрғындардың денсаулығын нығайтуға арналған спорт алаңы және жайлы демалыс аймақтары салынған.

Жаңа нысан – ауылдық аймақтардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың нақты нәтижесі. Кешен Жақсыбай ауылының мәдени өрлеуіне, жастардың белсенділігін арттыруға және спортпен тұрақты шұғылдануға қолайлы жағдай жасайды.

Ұқсас жазбалар

АҚШ-та әуе шоуында екі жойғыш ұшақ соқтығысып кетті

АҚШ-тың Айдахо штатындағы әуе шоуында екі жойғыш ұшақ соқтығысып, құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Қазақстанда 18 мамырда ауа райы қалай болады: ыстық пен жаңбыр күтіледі

18 мамырда Қазақстанда ауа райы құбылмалы: оңтүстікте ыстық, солтүстікте жаңбыр күтіледі. Батыс Қазақстанда ауа температурасы…

Бірнеше өңірде ауа райы күрт нашарлайды: ТЖМ ескерту жасады

Қазақстанның бірнеше аймағында ауа райы күрт нашарлайды. ТЖМ тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге шақырып, ресми хабарламаларды…