Categories Жайық news

БҚО: Оралдағы комиссия мүшелерінің заңға қайшы әрекеттері анықталды

Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізген талдау нәтижелері бойынша, Орал қаласы әкімдігі жанындағы комиссияның жекелеген мүшелері БҚО аумағындағы су тасқыны салдарын жою кезінде тұрғын үй бөлу және келтірілген залалды өтеу барысында заңға қайшы әрекеттер жасағаны анықталды.

Талдау материалдары комиссияның жұмысы заңнамаға сәйкестендіріліп, тиісті шаралар қабылдануы үшін облыс әкіміне жолданды. Материалдар жан-жақты қарастырылып, заңды шешім қабылдау мақсатында комиссия құрамында болған екі адамға қатысты сотқа талап-арыз берілді.

БҚО әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған мәселе бойынша түпкілікті баға беру және шешім шығару құзыреті тек сотқа тиесілі. Қоғамда фактілерді бұрмалап немесе жалған түсінік қалыптастыратын кез келген жария мәлімдемелер сот төрелігіне қысым жасау әрекеті ретінде қарастырылуы мүмкін.

Сурет: БҚО әкімдігі

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…