Рудныйдың бұрынғы прокуроры Мұрат Оспанов 20 млн теңге пара ісі бойынша сотталды

Қостанайда Рудный қаласының экс-прокуроры Мұрат Оспановқа сот үкімі шықты. Тергеу мәліметінше, ол құрылыс бөліміндегі тексерісті тоқтату үшін 20 миллион теңге көлемінде пара алуға оқталған.

Оспанов өз кінәсін толық мойындап, өкінген соң іс қысқартылған тәртіпте қаралды. Үш сот отырысынан кейін ол орташа қауіпсіздік мекемесінде 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды және «әділеттің аға кеңесшісі» шенінен айырылды.

Сот үкімін шығару кезінде айыпталушының жас балалары бар екені және кінәсін мойындап, шын өкінгені жеңілдетуші мән-жай ретінде ескерілді.

Айта кетейік, Рудный қаласының прокуроры Мұрат Оспанов биыл қыркүйекте ішкі қауіпсіздік қызметі мен ҰҚК департаментінің бірлескен операциясы кезінде ұсталған болатын.

Ұқсас жазбалар

Астанада LRT тоқтап қалды: жолаушылар есікті ашып жіберген

Астанадағы LRT желісі жолаушылардың есікті ашуынан тоқтап қалды. Әкімдік кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды жоспарлап отыр.

Ауа райы күрт өзгереді: дауылды ескерту жасалды

Синоптиктер жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болатынын болжап отыр. Алайда, бірнеше өңірде…

Тоқаев бірнеше мемлекет басшысымен телефон арқылы сөйлесті: не талқыланды?

Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше мемлекет басшысымен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қарым-қатынастар мен өзекті мәселелерді талқылады.